Медицина • 19 Ақпан, 2023

Неонтолог-дәрігерлер біліктілікті көтерудің онлайн форматын таңдап отыр

397 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Соңғы екі жылда еліміздегі жүздеген неонатолог-дәрігер біліктілікті көтерудің онлайн-форматын таңдаған. Алғашқы онлайн-платформаны құруға «AYALA онлайн-академиясы» ұйытқы болып отыр. 2021 жылдың ақпанынан берітегін бейне-курстары бар платформада Қазақстанның түкпір-түкпірінен 667 дәрігер тіркелсе, бүгінде 117 дәрігер курстардан толық өткені туралы сертификат алды.

Неонтолог-дәрігерлер біліктілікті көтерудің онлайн форматын таңдап отыр

2023 жылы «AYALA онлайн-академиясы» платформасында офтальмологтар, УДЗ мамандары мен реаниматолог-неонатологтар үшін тағы 4 тегін курс пайда болмақ.

Бұл платформада неонатология, реаниматология мен педиатрия салаларындағы жетекші мамандар облыстық перинаталдық орталықтар, перзентханалар мен ауруханалардағы орта буын медицина қызметкерлері осындай курстарға тегін әрі оңай қол жеткізуі үшін жұмыс істейді. Екі жыл ішінде екі тілде «Өкпені жасанды желдету және нәрестелерге қарқынды күтім жасау», «Неонатологияда электроэнцефалография мониторларын қолдану», «Сурфактантты аз инвазивті енгізу», «Нәрестелердің жіті асфиксиясы мен ауыр гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатия», «Госпиталдық инфекция. Жаңа тәсілдер», «Қарқынды терапия бөлімшесіндегі күтімнің негізгі қағидаттары», «Нәресте күтімін дамыту және қарқынды терапия бөлімшесіндегі инфекциялық бақылау» сынды 7 курс өткізілген.

«Жоба еліміздің барлық неонатологтары үшін жаңа туған балаларды реанимациялаудың инновациялық әдістерін қолжетімді етуді көздейді. Қазақстандағы неонатологияға маманданған жалғыз қор ретінде AYALA көп жылдан бері «Шеврон» компаниясымен бірге перзентханалар мен перинаталдық орталықтардың дәрігерлеріне өздерінің кәсіби білімдері мен дағдыларын тегін жетілдіруге көмектесіп келеді. AYALA онлайн-академиясының нәтижелері дәрігерлердің онлайн-оқыту форматы қолайлы екенін көрсетті. Себебі біліктілікті арттырудың бұл әдісі олардың жұмыс кестесіне бейімделген. Курстарға смартфон,планшеттермен қатысуға болады», дейді AYALA ҚҚ президенті әрі оның негізін қалаушы Айдан Сүлейменова.

«Шеврон» компаниясының қоғаммен байланыс бөлімінің үйлестірушісі Жанар Қошпанова:«Денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды қолдау «Шеврон» компаниясының әлеуметтік инвестицияларының стратегиялық бағыттарының бірі. Біз медицина мекемелеріне заманауи құрал-жабдықтар сатып алып қана қоймай, кәсіби тұрғыда жетілуге, жергілікті мамандарды медицинадағы соңғы жетістіктерге үйретеміз. AYALA қорымен бірге жыл сайын оқыту семинарларын өткіземіз, алайда тренингтерге қатысушылардың барлығына қолайлы уақытты таңдау өте қиын болғандықтан, «AYALA онлайн-академиясының» дәрігерлерге жұмысынан қол үзбей білім алуға мүмкіндік беретін осынау бірегей жобасы әсіресе, жұмыс кестесі өте тығыз мамандарымыз үшін өте маңызды», дейді. 

«AYALA онлайн-академиясы» порталындағы барлық курстар блоктарға бөлінген, бұл материалды игеруге көмектеседі. Тіркеуден кейіндәріс ақпаратына қол жеткізу 2 ай бойы ашық болады. Сондықтан курсты тіпті жұмыс орнындақолы қалт еткенде тыңдап, үзілген жерінен жалғап отыруға болады. Әр дәріске таныстырылымматериалдары ұсынылады. Курсты аяқтағаннан кейін тыңдаушылар сертификат алады, сондай-ақ олардың лектордан чатта нақтылайтын сұрақ қоя отырып, кері байланыс алу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, әрбір блоктан кейін және курстың соңында міндетті тест тапсырмасы түрінде меңгерілген материалды бақылау көзделген.